TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шықты

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға шыққанына 30 жыл толады.

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шықты
коллаж: kapital.kz
899

Қазақстан Ұлттық Банкі 6 қарашада TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық Банкке сілтеме жасап.

Монеталардың сатылымға шығатын күні ҚҰБ ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша хабарланады, – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. 

TEŃGEGE 30 JYL монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан «₸» теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді. Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалған.

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарының күмістен жасалған нұсқасының сынамасы – 925/1000, өн бойында тантал металл да бар. Монета диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 300 дана. Монетаның жалпы массасы – 84,32 грамм;

Алтын жалатылған күміс монетаның сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.   

Коллекциялық монеталар елдің бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға болады.

Серіктес жаңалықтары