Қаракөз Тілеубекова не себепті әлі тұрмыс құрмағанын айтты

Өнер иесі жан сырымен бөлісті.

Қаракөз Тілеубекова не себепті әлі тұрмыс құрмағанын айтты
ашық
2320

Әзіл-cықақ театрының белгілі актрисасы Қаракөз Тілеубекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сұхбат берді. Онда ол әлі күнге сүйгенін жолықтырмағанын айтты.

«Алматыда жоқ, жоқ. Астанада жоқ, жоқ. Қайтем енді? Енді шетелге кетем енді. Өз обалдарың өздеріңе. Шетелде жақсы алады дейді. «Қаракөз шетелге тұрмысқа шықты» деп айтса да, енді не істеймін? Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Жігіттер қорқады дейді. Неге екенін білмеймін, қорқады. Жігіттер біреу арқылы «Қаракөз, сені ана бала....» дейді. Неге өзі келмейді? Алдыма келіп отырсын деймін. Қорқады. Күтем, жоқ», - деп күлді Қаракөз Тілеубекова.

 

Серіктес жаңалықтары