1984
«Ирина Қайратовна» тобы мобилографының өлімі: ресми себебі расталды
Өлімнің алдын-ала себебі - "жедел геморрагиялық панкреонекроз".
Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған.
Өлімнің алдын-ала себебі - "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды, - дейді басқарма өкілдері.
Айта кетейік, 14 қазан күні "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Жылқайдаров Шахназ Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болған еді. Кейін топ мобилографтың отбасына көмек көрсететінін айтты.