Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Оның айтуынша, мұндай сыйлық Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық пен бауырластықты көрсетеді.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
фото: Ақорда

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әзербайжан Физули қаласында салынып жатқан шығармашылық орталық үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Әзербайжанға сыйлаған Физулидегішығармашылық орталық үшін өте ризамын", - деді Ильхам Әлиев түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, мұндай сыйлық Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық пен бауырластықты көрсетеді.

"Біз Ұлы Түркі әлемінің бір бөлігіміз және біздің достығымыз бен бауырластығымыз жалғаса беретініне сенімдімін", - деді Әзербайжан президенті.