24 жастағы жігіт танысының мәйітін дәретханаға лақтырып жіберген

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған.

24 жастағы жігіт танысының мәйітін дәретханаға лақтырып жіберген
AstanaTV
1625

Ақмола облысында 24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Қазір ұрлық және бопсалау бойынша орташа режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушы бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады. Айтуынша, ол 39 жастағы танысымен бірге ішімдік ішіп, жанжал шыққаннан кейін қарсыласын бірнеше рет ұрып құлатқан. Қылмысын жасыру үшін денесін даладағы дәретханаға лақтырып жіберген.

Ол бұл қылмысын түрмеге түспей тұрып жасаған. Сотталушы көлік ұрлап, адамдарды бопсалағаны үшін 1 жыл 10 айға сотталды. Қыркүйек айынан бастап, Павлодар қаласындағы нөмірі 45-түрмеде жазасын өтеген.

«Ақмола облысының тұрғыны 1 жылдан бері хабар-ошарсыз кетіп, оған іздеу жарияланған болатын. Бірақ, жоғалған адамды ең соңғы рет көрген осы сотталушы болып шықты. 2 айға жуық уақыт тергеу жүргізген жедел уәкілдер оның адам өлтіргенін анықтады. Сотталушыдан жауап алу кезінде ол кісі өлтіргенін мойындады. Қылмыстық істі қарау және шешім қабылдау үшін сотталаушы Ақмола облысына жіберілді», - деді  Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі Азамат Тортаев.

Сотталушы айтқан мекен-жайға барған полицейлер жоғалып кеткеніне 1 жылдан асқан 39 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Марқұмның дәретханадағы мүрдесін ешкім байқамаған. Сол қалпы көмулі жатыпты. Сотталушы қылмысты жасаған кезде мас болғанын және өкінетінін жеткізді. Ал бұрынғы қылмысы бойынша әлі өтелмеген 1 жыл 8 ай уақыт жазасы қалған, енді сотталушы бұл жазасын жаңа қылмысымен қосып өтейтін болады.

 

Серіктес жаңалықтары