Қазақстанда қанша базар бар екенін білесіз бе?

2025 жылға дейін 74 базар жаңғыртылады.

Қазақстанда қанша базар бар екенін білесіз бе?
ашық дереккөз

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023 жылы -16, 2024 жылы - 23, 2025 жылы - 35 сауда базары жаңғыртылатынын жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда 722 сауда базары бар. Оның 460 -сы әмбебап, 262 -сы мамандандырылған базар.

А. Шаққалиев биыл 5 базар жаңғыртылып, қолданысқа берілгенін тілге тиек етіп: « Базарларда өрт, санитарлық және құрылыс қауіпсіздігі нормалары қатаң сақталуы тиіс. Біз сауданың әр тараптылығын қолдаймыз, бірақ көлеңкелі сауда мен антисанитарияға жол бермейміз!» – деді.

Министрдің айтуынша, базар әкімшілігі мен жалға алушылар арасында шешілмеген мәселелер бар.

«Шағым көп түседі. Бұған регламенттің жоқтығы, жалдау ақысын көтеру, қосымша қызметтерді жүктеу себеп болады», – деді А. Шаққалиев.

Белгілі болғандай, 2024 жылы Алматыда - 7, Шымкентте - 4, Атырауда - 1, Жамбыл облысында - 5, Қостанай облысында - 2, Түркістан облысында - 3, Ұлытау облысында - 1 базар өзгереді. Ал 2025 жылы Астанада - 3, Алматыда - 2, Абай облысында - 2, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 5, ШҚО-да - 3, Жетісу облысында - 4, БҚО-да - 1, Қарағанды облысында - 5, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Түркістан облысында - 3 және Ұлытау облысында – 2 базар заман талабына сай жасақталады.