2950
«Жан-жағында кім отыр, қарамайды»: Олжас Абай Дариға Бадықованың мінезі жайлы айтты
Оның айтуынша, актриса барлығын өз бақылауында ұстағысы келеді.
Актер Олжас Абай «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әріптесі Дариға Бадықованың мінезі туралы айтты, деп жазады turkystan.kz.
Оның айтуынша, актриса барлығын өз бақылауында ұстағысы келеді.
«Бәрі соның қалауынша болу керек. Адам отырғанын елемейді. Кейде ұрысып қалады. Жан-жағында кім отыр, қарамайды. Біреудің айтқан сөзіне жауап бергісі келіп отырады. Дауыс көтеріп кететіні бар. Жұмыс барысымен алдын ала сен үшін бір нәрсе ойластырып қояды. Ол жоспарлағандай болмай қалса, жүйке жүйесі жұқарып кетеді. Ол маған бастық емес. Дариға маған жақсы дос. Дегенмен бәрін бақылауда ұстағысы келеді. Менде бос уақыт болып қалады ғой. Сондай кезде босатпайды. Сен көз алдында жүру керексің», - дейді Олжас Абай.