Қарақшылар танымал футболшының ата-анасын ұрлап әкеткен

Олар көлік тізгінін тартып алып, Диастың ата-анасын белгісіз бағытқа алып кеткен.

Қарақшылар танымал футболшының ата-анасын ұрлап әкеткен
Shaun Botterill / Getty Images

Қарақшылар әйгілі «Ливерпуль» клубының ойыншысы Луис Диастың Колумбияда тұратын ата-анасын ұрлап әкеткен, деп хабарлады turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Колумбияның солтүстігінде орналасқан Барранкас қаласында тұратын Диастың ата-анасы үйлеріне қайтып бара жатқанда қару кезенген екі қарақшы тоқтатқан. Олар көлік тізгінін тартып алып, Диастың ата-анасын белгісіз бағытқа алып кеткен. Полицейлер оның анасын жақын маңда орналасқан бақылау пункттерінің бірінен тауып алды. Ал әкесі әлі іздестіріліп жатыр.