Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетін болды

Кеше 31 қазанда Аустралияның әлем чемпионатын өткізуден бас тартқаны белгілі болды.

Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетін болды
TF-Images/Getty Images

ФИФА президенті Джанни Инфантино Instagram желісіндегі жеке парақшасында 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Сауд Арабиямен қатар бұл әлемдік біріншілікті өткізуге Аустралия елі де өтініш жіберген еді. Аустралия Индонезиямен бірігіп, өтініш тапсыруды жоспарлаған болатын. Алайда кейін Индонезия өтініш беруден бас тартты. Кеше 31 қазанда Аустралия да әлем чемпионатын өткізуден бас тартқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, соңғы әлем чемпионаты 2022 жылы Катарда өткен болатын. Ал 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. 2030 жылы өтетін әлем чемпионаты тұңғыш рет алты елде, атап айтсақ, Уругвай, Парагвай, Аргентина, Марокко, Португалия және Испанияның қалаларында өткізіледі.