808
Елімізде қай банк ең көп табыс табады?
Банктер биылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғыға қарағанда 1,6 трлн теңгеге көп табыс тапқан.

Қазақстандағы банктер биылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғыға қарағанда 1,6 трлн теңгеге көп табыс тапқан (былтырғы жылдық табысы – 1,47 трлн теңге), деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Пайда көлемі бойынша үздік 10 банк мына банктер:
1. Halyk Bank – 502,2 млрд теңге.
2. Kaspi – 346,6 млрд теңге.
3. Отбасы Банкі – 117 млрд теңге.
4. ЦентрКредит Банкі – 92,2 млрд теңге.
5. Ситибанк Қазақстан – 86,9 млрд теңге.
6. Еуразиялық банк – 86,8 млрд теңге.
7. Jusan Bank – 74,5 млрд теңге.
8. ForteBank – шамамен 69,8 млрд теңге.
9. Bank RBK – 36,3 млрд теңге.
10. Altyn Bank – шамамен 26,9 млрд теңге.