847
Израиль Түркиядағы елшілерін шұғыл қайтарып алды
Түркия Президенті Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхуды "террорист" деп атаған
Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн осындай шешімге келген, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған Режеп Тайып Ердоғанның сенбі күнгі Палестинаны қолдау жиынында сөйлеген сөздері себеп болған. 1,5 млн адам жиналған алаңда Түркия Президенті Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхуды "террорист" деп атаған.
"Түркияның мәлімдемелерін ескере отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта қарауды ұйғардым. Сол үшін елшілерге Изарильге қайтуды бұйырдым", - делінген мәлімдемесінде.