Минниханов Тоқаевқа Қарағандыдағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

Татарстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Минниханов Тоқаевқа Қарағандыдағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты
ашық дереккөз

Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыдағы шахтада кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Тоқаевқа жолдаған жеделхатында Минниханов қайғыға ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.