Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Ресей басшысы шахтерлер құтқарылады деп үміттенетінін жеткізді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады
akorda.kz

Ресей Президенті қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, қолдау көрсетуді өтінді және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Ресей Федерациясының президенті В. Путин Қазақстан басшысы Қ. Тоқаевқа Қарағанды ​​облысындағы көмір шахтасында 33 кеншінің қаза болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретінімізді жеткізуіңізді сұраймын. Жер астында қалған шахтерлер құтқарылады деп үміттенеміз», – деп жазылған жеделхатта.