Қарағанды қаласы «АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, аварияны жою жоспары, қосымша тау-кен құтқарушылар күші енгізіліп жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.