Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

Министр сұйытылған газ бағасы бензинмен теңесуі мүмкін екенін айтты.

Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды
Фото: egemen.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев автокөлік тізгіндеген қазақстандықтарға көлігін бензиннен газға ауыстырмауға кеңес берді, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Автокөлік тізгіндеген қазақстандықтардан бензиннен газға ауыспауға кеңес беремін. Өйткені сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Бағаның бірден қымбаттауына жол бермейміз. Дефицит болса, ішкі нарықта экспорт бағасымен сатыла бастайтын болады. Оған қоса бензиннен газға ауысу техникалық жағынан да қауіп туындатады. Сондықтан жүргізушілер көлігін бензиннен газға ауыстыру туралы шешім қабылдаған кезде осы факторларды ескеруге кеңес береміз», - деді министр.

Министр сұйытылған газ бағасы бензинмен теңесуі мүмкін екенін айтты.