Президент Кемел Тоқаев есімі берілген мектепке барды

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды.

Президент Кемел Тоқаев есімі берілген мектепке барды
akorda.kz
1243

Мемлекет басшысы Үштөбедегі орта мектепті аралап көрді. Білім ошағы 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

Сонымен қатар, Президент биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.



Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

 

Серіктес жаңалықтары