Чехияда аспаннан миллион доллар "жауды" (ВИДЕО)

Жергілікті БАҚ жазуынша, бір сағат ішінде келген адамдар ақшаны жинап әкеткен.

Чехияда аспаннан миллион доллар "жауды" (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Жақында Чехия астанасы Прага маңында аспаннан ақша жауды. Бір долларлық купюралардан тұратын "жаңбырды" жергілікті блогер ұйымдастырған, ол осы мақсатта тіпті тікұшақ жалдаған, деп хабарлайды turkystan.kz brainee.hnonline.sk-ге сілтеме жасап.

Алдымен блогер өзінің авторлық фильміндегі кодты тапқан адамға миллион доллар беремін деп уәде еткен. Алайда, ешкім жұмбақты шеше алмаған.

Содан кейін блогер бұл ақшаны өзінде қалдырмайтынын айтып, жаңа байқау жариялаған. Блогер өзіне тіркелген оқырмандарға электрондық пошта арқылы шифрланған мекен-жайды жіберді. Бұл жер Прагадан 30 шақырым жердегі алаңқай екен.

Белгіленген сағатта алаңға контейнері бар тікұшақ ұшып келген, сөйтіп, аспаннан ақша жауған. Жергілікті БАҚ жазуынша, бір сағат ішінде келген адамдар ақшаны жинап әкеткен.