Астанада жаңа көпір ашылады

Жүргізушілері үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады.

Астанада жаңа көпір ашылады
gov.kz
522

Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазан күні ашылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Көпір сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі екінші жағында болмақ.

«Көпір үстінде сынақ 25 қазан күні басталады. Көпір статикалық жүктемемен сыналады – кезең-кезеңімен арнайы техникалар арқылы (30 тонналық самосвалдар) жүктеледі. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін қажетті көрсеткіштер беретін сенсорлар орнатылады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Осылайша, жүргізушілері үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады. Ал абаттандыру жұмысы көктемде аяқталады.

Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары