Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Соның ішінде футболшылар да бар.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.