Талғар тұрғындарын жарылыс дыбысы шошытты (ВИДЕО)

21 қазанда сағат 19:06-да өрт сөндірушілер Талғарға шұғыл шақыруға шықты.

Талғар тұрғындарын жарылыс дыбысы шошытты (ВИДЕО)
Ашық дереккөз

Талғар тұрғындары 21 қазанда жарылыс дыбысын естіген. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 21 қазанда сағат 19:06-да өрт сөндірушілер Талғарға шұғыл шақыруға шықты.

«Оқиға орнына барғаннан кейін Амангелді көшесінің бойында жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 150 шаршы метр шаруашылық ғимараттарының, моншаның, сарайдың және шатырдың жанып жатқанын анықталды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.