Жел, тұман, көктайғақ: бүгінге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет қыркүйектің 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Жел, тұман, көктайғақ: бүгінге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ашық дереккөз

"Қазгидромет" қыркүйектің 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде көктайғақ болады.