Үкімет басшысын сынаған интернет-басылымның жұмысы тоқтатылды

Қырғызстанда 2021 жылдан бері «Расталмаған ақпараттан қорғау туралы» заң бар.

Үкімет басшысын сынаған интернет-басылымның жұмысы тоқтатылды
t-media.kg
1104

Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Nazarnews.org сайтын екі айға бұғаттау туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім қабылдауға Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровқа қатысты расталмаған ақпарат тарату мәселесі себеп болып отыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Интернет-кеңістікті мониторингілеу барысында Nazarnews.org сайтында жарияланған материалды бағалаған ведомство өкілдері мақаланың Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровтың ар-ұжданы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп шешкен.

Министрлік өкілдері «Расталмаған ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңына сүйене отырып, интернет-басылым өкілдерінен материалды алып тастау қажеттігін ескерткен. Редакция өкілдері бұл талапты орындамаған. Осыған байланысты ведомство өкілдері Цифрлық даму министрлігі жанындағы байланыс саласын қадағалау мен реттеу қызметіне материалды мәжбүрлі түрде алдыртып, интернет-басылымның жұмысын екі айға тоқтату туралы шешім жіберген.

Айта кетейік, Қырғызстанда 2021 жылдан бері «Расталмаған ақпараттан қорғау туралы» заң бар. Аталмыш заң қабылданғалы бері Respublika, «Азаттық» радиосы, Kloop.kg, сияқты бірқатар ақпарат құралының жұмысы тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары