Түркістан облысында балабақшаға тиесілі көлік қағып кеткен бүлдіршін мерт болды

Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Түркістан облысында балабақшаға тиесілі көлік қағып кеткен бүлдіршін мерт болды
Ашық дереккөз
1047

Түркістан облысында балабақшаға тиесілі көлік қағып кеткен бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Түркістан қаласында болды. Жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «Hyundai Starex» көлігі бүлдіршінді үйінің алдында қағып кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қазіргі таңда полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның толық мәнжайы анықталуда»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары