Мемлекет басшысы Бас прокуратурада тағайындаулар жасады
Билікте бірқатар ауыс-түйіс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада тағайындаулар жасады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы 16 қаңтардан қазірге дейін Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болып қызмет етті.