Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдейтін болды

Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.

Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдейтін болды
Фото: qmonitor.kz
1009

Қайрат Боранбаевқа шығарылған сот үкімі өзгертіліп, жазасы жеңілдейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылған.

«Үкімді ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерді: сотталған адам жазаның заңмен белгіленген мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген; кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген, тергеу барысында белсенді түрде ынтымақтастық танытып және жасаған қылмысына өкінеді. Мекеме басшылығы тиісті құжаттарды тапсырып, өтінішті қолдады», – делінген хабарламада.

Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеді.

Серіктес жаңалықтары