Астана әуежайында әйел пара беріп, контрабандалық жүк өткізбек болған

Брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды.

Астана әуежайында әйел пара беріп, контрабандалық жүк өткізбек болған
oka.fm

Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды.
 

«Аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген», – делінген хабарламада.


Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.