Астанада әйел балконнан құлап, мерт болды (ВИДЕО)

Алған жарақаттарынан әйел қаза тапты.

Астанада әйел балконнан құлап, мерт болды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Астанада әйел 14-қабатта орналасқан балконнан құлап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Paryz.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға 18 қазан күні Әнет баба, 9/3 көшесінде орналасқан «Oner» тұрғын үй кешенінде болған. Алған жарақатынан әйел сол жерде қаза тапты», – делінген хабарламада.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамның мәйіті табылғанын растады.

«18 қазан күні сағат 17:23-те «102» арнасына 14 қабаттан әйелдің құлағаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті.  Аталған фактіге қатысты тергеу басталды», – делінген хабарламада.