«Дайынмын»: Сара Амангелді әнші Тұрармен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты

Оның айтуынша, желіде тараған бейнежазбалар фильмнің түсірілімі кезінде түсірілген.

«Дайынмын»: Сара Амангелді әнші Тұрармен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты
ашық дереккөз
2076

Жуырда әлеуметтік желіде Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың бірге түскен видеолар тарады. Өнер иесі осыған қатысты «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында пікір білдірді.

Оның айтуынша, желіде тараған бейнежазбалар фильмнің түсірілімі кезінде түсірілген.

«Бұл кино қоғамдағы әңгіме, ата-аналардың тойға дайындығы жайында болады. Онда мен күйеуге шығып жатқан қыздың рөлін ойнаймын. Тұрар екеуміз бұған дейін таныспаған едік. Оны сырттай өзінше деп ойлағанмын. Бірақ, мұны өзіне де айтқанмын. Кейін Тұрар түсетінін білгенде қуандым. Ыржалаң, ыртың-жыртың деген нәрсені істегім келмейді. «Ол жігітті ұнатпаймын» деп кесіп айтқым келмейді. Бәрі мүмкін. Оның басы бос. Ал қазір екеуіміздің арамызда тек сыйластық қана бар», – дейді әнші.

Өнер иесі жұмыс пен жеке өмірді араластырғысы келмейтінін айтты.

«Жұмысқа біреуге  ғашық болған соң барғым келмейді. Ол жұмыс барысында кедергі келтіреді. Тұрар болсын, басқа болсын, қарым-қатынас құруға дайынмын. Жанымды түсінетін, қолдайтын, әкеме ұқсайтын қамқор жан керек. Жан дүнием тыныштық тауып, реттелген кезде Құдай ойыңдағы адамды жолықтырады деп сенемін», – дейді Сара.

Сондай-ақ ол болашақта Тұрармен дуэт айтқысы келетінін жасырмай айтты.

Серіктес жаңалықтары