Баян Алагөзованың сотталып шыққан бұрынғы күйеуі «Құрметті спорт ардагері» медалімен марапатталды

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентай сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Баян Алагөзованың сотталып шыққан бұрынғы күйеуі «Құрметті спорт ардагері» медалімен марапатталды
Ашық дереккөз
3583

Ол кеудесіне медаль тағылғандығы туралы желіде жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Медальді Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы табыстаған. Сөйтіп, Бақытбек Есентай "Құрметті спорт ардагері" медалімен марапатталды. 

Айта кетейік, белгілі кәсіпкер әйелі Баян Алагөзоваға пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бақытбек Есентаев 9 жылдың 6 жылын өтеп, жәбірленушінің келісімімен бостандыққа шықты.

Серіктес жаңалықтары