Семей теміржолына «бомба» қойған әйелге 17 млн теңге айыппұл салынады

Жалған хабарлама қалдырған әйел 17 млн теңге айыппұл арқалайды.

Семей теміржолына «бомба» қойған әйелге 17 млн теңге айыппұл салынады
Тұрар Қазанғапов
1310

Семей қаласында өткен жұманың түнінде полицейлерге әйел адам хабарласып, теміржол бекетінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама қалдырған, деп жазады turkystan.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жедел жетті. Азаматтардың қауіпсіздігі мен эвакуациясын қамтамасыз ету үшін ғимарат аумағы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Теміржол аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

"Қазір барлық тергеу күштері жалған террористті ұстауға жіберілді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелген. Енді оған 5 000 АЕК — 17 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға кепілдік беріледі", - дейді Абай облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары