Автобуста темекі шегіп тұрған Алматы тұрғыны желіні шулатты (ВИДЕО)

Қалалық полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Автобуста темекі шегіп тұрған Алматы тұрғыны желіні шулатты (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Алматы тұрғыны автобуста тұрып темекі тарта бастаған, бұл жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін қатаң сынға алып, оны жазалау қажеттігін айтты.

Құқық бұзушы видео авторының өзіне жақындағанын көре салып, темекіні бірден лақтырып жіберген.