Жәнібек Әлімханұлы бүгінгі жеңісі жайында пікір білдірді

Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Жәнібек Әлімханұлы бүгінгі жеңісі жайында пікір білдірді
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы неміс Винченцо Гуальтьериді жеңгеннен кейін бір ауыз сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл — қазақ стилі, біз оны тарихта қалдырғымыз келеді. Алғашқы сәттен осы тактиканы таңдадық. Қарсыласымның бірден шабуыл жасамайтынын білдік. Ол менің шаршаған сәтімді күтті. Сол сәтте шабуылға көшуге ниет білдірді. Бірақ мен жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қазір менде екі нұсқа бойынша чемпиондық атақ бар. Ендігі кезекте дивизиондағы бүкіл төрт белбеуді жинағым келеді. Оны Top Rank ұйымдастырса, мен оған дайынмын», — деді  Әлімханұлы.