Кәсіби футболшылардың өмірге бейімделуіне баса назар аударуды жөн көрдік – Асхат Тағыберген

Оның айтуынша, альянстың мақсаты –  футболшылардың кәсіби және жеке дамуын қамтамасыз ету.

Кәсіби футболшылардың өмірге бейімделуіне баса назар аударуды жөн көрдік – Асхат Тағыберген
Фото: kff.kz
770

Кәсіби футболшылар альянсының президенті және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұйымның алдағы мақсаты туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, альянстың мақсаты –  футболшылардың кәсіби және жеке дамуын қамтамасыз ету.



«Біз мансапты аяқтағаннан кейін кәсіби футболшылардың өмірге бейімделуіне баса назар аударуды шештік. Ойын мансабы — бұл сапардың бір бөлігі ғана. Ол аяқталғаннан кейін біздің футболшылар білікті менеджерлер, бапкерлер және әр түрлі саладағы мамандар ретінде отандық футболға пайда әкелуді жалғастыруы керек. Бұл бағыт көп көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан біз барлық лиганың кәсіби футболшыларына ойын мансабынан кейін де қызмет етуге көмектескіміз келеді. Бұл қиын жағдайда Альянс Қазақстан футбол федерациясының қолдауын тапқанына қуаныштымын. ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Альянс қызметінің маңыздылығын түсінеді және біздің барлық идеяларымыз бен бастамаларымызды қолдайды, - деді Асхат Тағыберген.

Серіктес жаңалықтары