Қабырғасында тарақандар өрмелеп жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың – Мақсат Толықбай

Вагондардың 48 пайызы тозған.

Қабырғасында тарақандар өрмелеп жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың – Мақсат Толықбай
ашық дереккөз
983

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай  «Қазақстан темір жолы» компаниясы  басшылығының жұмысын сынға алды, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Темір жолда қашан тәртіп орнайды? Бұрынғы басшылар 30 жылда темір жолды тек табыс көзіне ғана айналдырған. Ескі Қазақстанның өкілдері осы саланың сөлін сорып, бізге тек қаңқасын ғана қалдырды. Бұл салада сапа мүлдем төмен. Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр, темір жол паркінің 60 пайызы тозған. Терезесі ашылмайтын, кондиционері қосылмайтын, қабырғасында тарақандар өрмелеп жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың. Сөйте тұра, билетті субсидиялауға жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздың жиі кешігуі бөлек мәселе», – деді депутат.

М.Толықбайға көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысында жауап берді.

«Қазір жалпы Қазақстан бойынша 2 567 вагон жұмыс істеп тұр. Олардың тозу деңгейі – 48 пайыз. Сіз «оларды қашан жаңартамыз?» деп сұрақ қойдыңыз. Биыл 50 жаңа вагон алдық. Қазір келісімшартқа қол қойдық. Келесі жылы тағы 100 вагон болады, қосымша 157 вагонды алуды пысықтап жатырмыз, – деді министр.

Серіктес жаңалықтары