Мемлекет басшысы Қызылорда облысына барды

Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына барды
Akorda

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.