Google көру қабілеті нашар адамдарға арналған Magnifier қолданбасын шығарды

Қолданба смартфонды ұлғайтқыш әйнекке айналдырады.

Google көру қабілеті нашар адамдарға арналған Magnifier қолданбасын шығарды
ашық дереккөз

Magnifier қолданбасы көру қабілеті нашар адамдарға бұлыңғыр және қарпі ұсақ мәтінді қиналмай оқуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Қолданба Pixel 8 сериялы смартфондармен бірге таныстырылды. Қазір ол Magnifier Pixel 5-тен бастап, Google смартфондарының барлығында қолжетімді. Алайда оны Pixel Fold немесе Pixel Tablet құрылғысына орнату мүмкін емес.

Magnifier қолданбасының интерфейсі өте қарапайым. Экранда кескінді ұлғайту түймелері, ысырма батырмасы, жарық жарқылын, сонымен қатар алдыңғы және сыртқы камераны қосу, өшіру тетігі бар. Қолданбада контраст пен жарықтықты реттеу, сондай-ақ мәтінді оқуға мүмкіндік беретін түс сүзгісі қосымшалары да мінсіз жұмыс істеп тұр.

Magnifier таныған мәтінді басқа қолданбаға көшіруге, сөйлеу синтезаторы арқылы тыңдауға және өңдеу үшін Google Lens қызметіне жіберуге болады.

Google Magnifier қолданбасында түсірілген суреттер негізгі ағынға қосылмайды, бірақ іздеп табуды жеңілдету үшін бөлек қалтада сақталады.

Google Magnifier қолданбасын барлық Android құрылғыларына шығара ма, шығармай ма, әзірше белгісіз. Белгілісі iOS -та жаңа қолданбаның баламасы бар.