Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

7 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Ашық дереккөз

Қазгидромет 7 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасатынына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Барлық өңірде тұман, екпінді жел, батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.