«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілім мерзімі ұзартылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілім мерзімі ұзартылды
Фото: YouTube

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокат мерзімі ұзартылды. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсебайқызы мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты. «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.