«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокаттан алынып тасталды

Фильмге билет сатылмайды.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокаттан алынып тасталды
ашық дереккөз
1546

Прокаттан алынып тасталуына байланысты еліміздегі кинотеатрлардан  «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Көремендер кинотуындының прокаттан алынып тасталуына наразылық танытуда. Осы жағдайдан саяси астар іздеп жатқандар да бар.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 - қыркүйектен бастап тура 2 апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерзімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 - қазанға дейін ұзартылды», – деді фильмнің қоюшы-режиссері Мұрат Есжан.

Оның айтуынша, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болған.

«...Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын. Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ», – деді қоюшы-режиссер.

Серіктес жаңалықтары