Ақмолалық қыз студенттерге жоқ пәтерді жалға берген

18 жастағы қыз студенттерді алдаудың қарапайым схемасын қолданған.

Ақмолалық қыз студенттерге жоқ пәтерді жалға берген
Pla2na\shutterstock
1138

Жұмыссыз ақмолалық қыз студенттерге жоқ пәтерлерді жалға берген, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта полицейлер екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі жағдайда да Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғыны студенттерді алдаудың қарапайым схемасын қолданған.

«3 қазанда Көкшетау полициясына алаяқтық фактілері бойынша екі арыз түсті. Жәбірленушілер жергілікті колледждердің бірінің студенттері болып шықты. Олар тұрғын үйді жалға алу үшін ақша аударған, бірақ тұратын пәтер жоқ болып шықты. Өтініш берушілердің бірі айтқандай, ол пәтердің қожайынымен TikTok әлеуметтік желісінде танысқан. Әңгімелесу барысында жатақхананы жөндеуге байланысты қызға пәтер қажет екендігі анықталды. Ал жаңа досы студентке бірге жалға алуды ұсынды және белгілі бір «үлесті» жіберуге көндірген», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Осы оқу орнының тағы бір студенті бірлескен тұрғын үйді жалдаудың осындай амалына тап болды. Бірінші жағдайда залал сомасы – 60 мың теңгені, екінші жағдайда – 20 мың теңге.

Полицейлер бірден қала маңындағы Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғынын анықтады.

«Белгілі болғандай, ол ешқандай пәтерді жалға бермейді, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж емес. Қыз отбасымен бірге тұрады және жәбірленушілердің сенімін жеке қажеттіліктері үшін пайдаланды. Қазіргі уақытта екі факт бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары