Қасым-Жомарт Тоқаев: оқушыларымыздың 12 мыңға жуық медаль иеленуі – білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш

"Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш"

Қасым-Жомарт Тоқаев: оқушыларымыздың 12 мыңға жуық медаль иеленуі – білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш
675

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өтіп жатқан Республикалық педагогтер съезіне қатысты.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» дейді. Мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беруде. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш.

Осының бәрі – сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасы. Мен түрлі қиындыққа қарамастан, міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға зор алғысымды айтамын», – деді Президент сөйлеген сөзінде.

Серіктес жаңалықтары