Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

25 қазан - Республика күні.

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?
Ашық дереккөз

Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 10 күн демалыс бар, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізде 1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде – Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні. Ал 5 қазан - Ұстаздар күні.

Еске салайық, 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Сонымен қазанда айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.