Бүгін – халықаралық қарттар күні
Биыл қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға шамамен 4,6 млрд теңге бағытталды.
Бүгін әлем Қарттар күні мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.
Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады.
Бүгінде елімізде зейнет жасындағы 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, тану, олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сапасын арттыруға назар аудару және қамқор болу.