Азиада-2023: Қытай қазағы Моңғолия қазағын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Екінші раундта үш рет нокдаунға түсірді.

Азиада-2023: Қытай қазағы Моңғолия қазағын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Sports kz

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының рингінде екі этникалық қазақ қолғап түйістірді.

Ширек финалда 92 келіден жоғары салмақта бокстасатын Қытай қазағы Данабек Байғазы Моңғолия атынан сынға түскен Бекнұр Халиге қарсы жұдырықтасты. Данабек екінші раундта Бекнұрды үш рет нокдаунға түсіріп, ақырында төреші кездесуді тоқтатуға мәжүр болды. Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Данабек жартылай финалға өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы салмақта Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өткен болатын.