Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.

Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
t.me/ulysmedia

Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылғы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қарағанды облысының Балапан алаңында сағат 07.46-да upla286 типті P2002 ұшағы байланысқа шықпады. Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты. Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әуе кемесімен болған авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.