Алматыда мешіт имамы намаз кезінде жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген

Бала сол жерде шалқасынан құлап түседі.

Алматыда мешіт имамы намаз кезінде жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген
Ашық дереккөз
1636

Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ол видеодағы оқиғаның Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы мешітте болғанын жазған. 

Журналист сонымен бірге полиция департаментін, прокуратураны және дін істері басқармасын белгіліп, бұл жағдайға қатысты түсінік беруді сұраған.

Видеодан бірнеше адамның сап түзеп, намаз оқып жатқанын көруге болады. Олардың арасында бірнеше бала да бар. Олардың біреуі әрі-бері жүгіріп жүреді. Алайда оған басқа кісілер назар аудармастан, намаз оқуды жалғастырады.

Бір кезде бала имамға қарай жақындағанда, ол бүлдіршіннің бетінен ұрып жібереді. Бала сол жерде шалқасынан құлап түседі.

Серіктес жаңалықтары