Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды

Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды
akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.