Желіде Премьер-Министрдің фейк сұхбаты тарады

Жарнамада Үкімет басшысының суреті де қоса берілген.

Желіде Премьер-Министрдің фейк сұхбаты тарады
"ҚазАқпарат" ХАА
1367

Әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың криптовалютаға инвестиция салуға шақырған фейк-сұхбаты тарап жатыр. Жарнамада Үкімет басшысының суреті де қоса берілген, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бөгде сайтта жарияланған Үкімет басшысының «сұхбатында» алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады.

Stopfake.kz-ке Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Жақында әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысты оқырмандарға табыс табудың жеңіл жолдары ұсынылған осындай фейк тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары