1403
Алматыдан 420 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 420 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер асты дүмпуі 27 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 19:11-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырымда Қытай территориясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.
MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 5 км.
Сезілуі бойынша нақты ақпарат жоқ.