Атырау облысында Президент резиденциясы балалар лагері болып өзгереді

Бұл үшін бюджеттен 96 миллион теңге бөлінген.

Атырау облысында Президент резиденциясы балалар лагері болып өзгереді
Скриншот
1073

Атырау облысында Президент резиденциясының орнына балалар лагері ашылады, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Келесі жылдан бастап асхана мен 300 адамға арналған жатақхана құрылысы басталады. Бұл үшін бюджеттен 96 миллион теңге бөлінді. Ал нысан «Таланттарды анықтау және қолдау» облыстық орталығының балансына берілген. 

Қазір аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Лагерьді Балаларды қорғау күніне орай ашу жоспарланған. Сондай-ақ мұнда 36 жұмыс орны пайда болады.

«Оқу, ойын-сауық орталығы облысқа ауадай қажет. Мұнда балаларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға жан-жақты дайындайды. Сонымен қатар демалыс кезінде нысан демалыс және білім жетілдіру орталығы ретінде жұмыс істейді», – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова. 

Серіктес жаңалықтары